Басты бет/ Салттар мен ғұрыптардың заттық әлемі / Зат киеліліктің нышаны және таратушысы ретінде /Ала бау (ала жіп)
Артқа

 Ала бау (ала жіп)

 

 

«Тұсау кесу» ырымы үшін арнайы жасалған заттардың ішінде «ала бау» нышандық мәнге ие. Бұл екі түсті (әдетте қара және ақ) жүннен жасалған жіп, оны бір жасар баланың аяғына сегіздік фигура түрінде (шексіздік белгісіне ұқсас) байлайды, содан кейін оны құрмет пен беделге ие адам салтанатты түрде кеседі. Нышандық мағынада ұзақ және бақытты өмірге жол ашуды білдіреді. Рәсімнің прагматикасы – бала тезірек ширап, нық басып, жүгіре бастайды.

 

Салттың тамыры ежелгі шамандық тәжірибеден бастау алады, мұнда ала бау қарапайым адамдардың өмір жібі ретінде қарастырылды. Бала өмірінің өтпелі кезеңі үшін (жүруге дайындық) ол шамандық тәжірибеде сан алуан мағыналық интерпретацияға ие болған байлау, орауды, белдеуді бейнеледі. Ала бау түріндегі жіптердің шығыршықтары да ертедегілердің пайымдауынша, баланың болашақта қандай да бір бұғаудан (өмірдің тоқырауынан) құтылу қабілетін қалыптастыруға қызмет еткен.

Шайгозова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.
Скачать
.